Қазақстанда темекі бағасы қымбаттады

Автор: Асқарова Қарлығаш

1 тамыздан бастап елімізде бір қорап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 1060 теңге болып белгіленді

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 1 тамыздан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы өсті. Енді 20 дана темекіден тұратын бір қораптың бағасы 1060 теңгеден төмен сатылмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы министрі Мәди Такиев қол қойған бұйрыққа сәйкес, жаңа ең төменгі баға темекіге, папиросқа, сигариллаға және қыздырылатын темекі өнімдеріне қолданылады.

Бұл талап 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде болады. Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі бөлшек сауда бағасы тағы өсіп, бір қорап үшін 1120 теңге болып белгіленеді.