2026 жылғы шілдедегі ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимыл нәтижелері жарияланды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2026 жылдың шілде айында мемлекеттік шекарада 4 975 заң бұзушыны ұстады. Сонымен қатар құны 3,9 млрд теңгеден асатын тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2 476 әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, шекара кеңістігінде 4 975 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 4 346 шетел азаматтары.
3,9 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 2 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
«Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 34 фактісінің алды алынды, 24,6 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 103 дана бекіре тұқымдас балық (580 кг) тәркіленді. Алдын алған шығын сомасы 251 млн теңгеден астамды құрады. Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 38 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 295 әкімшілік іс өндірісте», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.