02.08.2026, 17:31
Жаңалықтар
Алматыда құтқарушылар тауда жоғалып кеткен екі жасөспірімді тапты
Хабарлама түскен бойда құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті
Фото: ТЖМ
Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарын сәтті аяқтады. Құтқарушыларға тауға шығып, қайта оралмаған екі жасөспірім туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Хабарлама түскен бойда құтқарушылар дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Таулы аймақтың ерекшеліктері ескеріліп, жасөспірімдер жүруі мүмкін бағыттар толықтай тексерілді.
Жедел жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде жасөспірімдер Қарасай ауданы аумағындағы Турист шыңының маңынан табылды. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.
Көп оқылған
16.09.2026, 06:14
Алматыда прокурордың қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады: полиция ресми түсініктеме берді
16.09.2026, 12:32
«Боди массаж жасайды»: экс-әйеліне маза бермеген Нұрсұлтан Жақсыген ақыры сотталып тынды
Бүгін, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
16.09.2026, 22:09
Астанада BMW жүргізушісі дрифт жасаймын деп бағанаға соғылды (ВИДЕО)
16.09.2026, 09:58
Елена Рыбакина биыл турнирлерден қанша табыс тапты