Медеу ауданында полиция қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен 29 жастағы ер адамды құрықтады
Алматының Медеу ауданында полиция қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен 29 жастағы ер адамды құрықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жеке тексеру барысында ұсталған азаматтан изолентамен оралған ондаған түйіншек табылды. Тәркіленген заттардың бір бөлігінде марихуана, ал қалғанында өткізуге арналған синтетикалық есірткі болған.
Күдіктінің айтуынша, ол шамамен 1 ай бұрын ғаламтордан есірткі тасымалдаушы болып жұмыс істеу туралы хабарландыру тауып, қала аумағында тыйым салынған заттарды тарата бастаған.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта полицейлер есірткі жеткізу арнасын, схеманы ұйымдастырушыны және өзге де қатысушыларды анықтап жатыр.