Тәртіп пен жайлылық ауладан басталады: Семей тұрғындарына «Әділет» партиясының цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылды

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Қаланың әл-ауқаты әр ауладағы тәртіп пен жайлылықтан басталады. Семей қаласының тұрғындары «Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабы ұйымдастырған кездесуде күнделікті өмір сапасына тікелей әсер ететін мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Семей қаласындағы Дулатов көшесі, 145 мекенжайында өткен кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, тұрғындар мен партия өкілдері арасында еркін пікір алмасу алаңына айналды. Кездесу барысында аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарының жай-күйі, қоғамдық қауіпсіздік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері және жастарға арналған қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағыттары талқыланды.

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері Айрат Базенов пен Мұхит Тұрсынов тұрғындармен кездесуде әділетті қоғам құру қарапайым азаматтың күнделікті өмірінен басталатынын атап өтті.

Спикерлер тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, айтылған әрбір ұсыныс пен бастама партияның алдағы жұмыс бағыттарын қалыптастыру кезінде ескерілетінін жеткізді.

Кездесу барысында тұрғындарға партияның цифрлық платформасының мүмкіндіктері таныстырылып, өтініштер мен ұсыныстарды онлайн жолдау тәртібі көрсетілді. Қатысушылар платформаның қолжетімділігі мен ашықтығына оң баға беріп, азаматтармен кері байланыстың жаңа мүмкіндіктеріне ризашылықтарын білдірді.