Кездесуге 60-қа жуық қызметкер қатысты
Қазақстан Халық партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Теміртау қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Емханада 600-ден астам қызметкер еңбек етеді. Кездесуге 60-қа жуық қызметкер қатысты.
Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Халел Мақсұтов және кандидаттың сенімді өкілі, Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі, медицина ғылымдарының кандидаты Қанат Сәдуақасов қатысты.
Кездесу барысында алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын күшейту, еңбек жағдайларын жақсарту, медициналық қызметтің сапасын арттыру және денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар Қазақстан Халық партиясының «Ел байлығы – халық игілігіне!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, қатысушылармен ашық пікір алмасу өтті.
Кездесу соңында медицина қызметкерлері өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салып, оларға жан-жақты жауап берілді.