Партия мүшелері саябақта ерекше акция өткізді
«Ақ жол» Демократиялық партиясының Жамбыл облыстық сайлауалды штабының мүшесі, Құрылтай депутаттығына кандидат Дәурен Ахметжаев, штаб мүшесі, партияның Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанатының жетекшісі Қадыржан Есенов бастаған ерікті жастар Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы Жеңіс саябағында ерекше акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дәурен Хайруллаұлы саябақта серуендеп жүрген жастарға, тұрғындарға «Ақ жол» Демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасының бағыттарын түсіндірді.