Павлодарда 1,5 жасар бала 6-қабаттан құлап кетіп, көз жұмды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қайғылы оқиға 30 шілде күні кешкі уақытта болған

Фото: istockphoto.com

Павлодарда бір жарым жасар бала алтыншы қабаттан құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық жедел жәрдем станциясы хабарлағандай, шақырту 30 шілде күні сағат 19:23-те түскен. Медициналық бригада оқиға орнына екі минуттан кейін жеткенімен, бүлдіршін өте ауыр жарақаттар алған.

Желідегі мәліметке сүйенсек, кішкентай бала алтыншы қабаттағы пәтердің ашық терезесінен құлап кеткен. Оқиға болған сәтте ата-анасының үйінде болғаны хабарланды.