Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуі өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шолпан-Атаға сапармен барады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Шолпан-Ата қаласында 31 шілде мен 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуі өтеді.