Қазақстандық балуандар әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін сынға түседі

Автор: Асыл Арман

Тағы екі балуан финалға шықты

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық балуандар – Інжу Баққожа (46 келіге дейін) мен Аружан Бақытнұр (61 келіге дейін)  әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін сынға түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Екі балуан да жартылай финалға дейін жеткенімен, қарсыластарына есе жіберді. Енді олардың қола жүлде үшін өтетін белдесулердегі қарсыластары жұбаныш кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады.

Ал Қазақстан әйелдер құрамасының екі өкілі Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде финалдық кезеңге жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алған болатын.