Акцияның мақсаты – ұлттық құндылықтарды, туған жерге деген құрмет пен ауылдың қадір-қасиетін дәріптеу болды
Акция барысында жастар қоғамдық көліктерде туған жерге, ауылға және атамекенге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндерді орындады. Күнделікті тіршілік қамымен жолға шыққан жолаушылар үшін бұл шығармашылық флешмоб күтпеген тосынсый болып, көпшілігі өнерпаз жастардың өнеріне қошемет көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның мақсаты – ұлттық құндылықтарды, туған жерге деген құрмет пен ауылдың қадір-қасиетін дәріптеу. Осы арқылы жастар ауыл тақырыбын шығармашылық форматта көпшілікке жеткізуді көздеген.
Шара аясында жолаушыларға партияның сайлауалды үгіт-насихат материалдары таратылып, бағдарламаның негізгі бағыттары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар тұрғындардың пікірлері тыңдалып, көкейлеріндегі сауалдарға жауап берілді.