ЖСДП кандидаттары Алматы облысындағы азық-түлік зауытының ұжымымен кездесті

Автор: Асқарова Қарлығаш

Партия  Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» зауытының еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды

Фото: ЖСДП әлеуметтік желісінен

Кездесу Алматы облысы Заречный ауылдық округіне қарасты Арна ауылында орналасқан кәсіпорында өтті. Шараға зауыттың жүзге жуық қызметкері қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып, кандидаттарға өздерін толғандырған сауалдарын қойды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еңбек ұжымымен кездесуде Құрылтай депутаттығына кандидаттар Наурыз Сайлаубай, Нұрым Нұрлыбеков және Қамбар Байекенов сөз сөйлеп, ЖСДП-ның басым бағыттары, ұстанымдары мен елдің дамуына қатысты көзқарасын таныстырды. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелерді көтерді.

Кандидаттардың айтуынша, сайлауалды үгіт-насихат кезеңіндегі басты міндеттердің бірі – сайлаушылармен тікелей кездесулер өткізіп, партия бағдарламасын жан-жақты түсіндіру. Бұл азаматтардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік береді.

ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы алдағы уақытта да өңір тұрғындарымен кездесулерін жалғастырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауды көздеп отыр.