Тиісті шешім 30 шілдеде өткен үкімет отырысында қабылданды
Шектеу шарасы алты ай бойы күшінде болады. Тыйым аталған өнімді Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен тасымалдауға да қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Хабарланғандай, бұл шешім томат пастасын импорттайтын экономикалық операторлар мен жергілікті шикізаттан өндірушілерге тең бәсекелестік жағдайын қамтамасыз ету, сондай-ақ қызанақ сатып алу процесін реттеу үшін жасалған.
Армениядан шығатын карантиндік өнімдердің экспорты мен транзитіне енгізілген шектеулерге байланысты жемістер мен көкөністерді, оның ішінде жылыжайда өсірілген қызанақтарды экспорттау көлемі азайғаны атап өтіледі. Соның салдарынан экспортталатын жылыжай қызанақтарының айтарлықтай бөлігі қазіргі уақытта ішкі нарықта сатылып, ашық топырақта өсірілген қызанақтарға деген сұраныстың төмендеуіне әкеп соқтырған.
Бұл шешімді қабылдау арқылы жергілікті өндірістегі томат пастасының сату көлемі артып, қызанаққа деген сұраныс ұлғаяды, нәтижесінде өсірілген қызанақ өнімін толық сатып алу қамтамасыз етілмек.