Ол Тараз қаласының тұрғыны болып шықты
Полиция қызметкерлері Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Балқаш көлінің тура жағалауында және судың ішінде адамдар, кішкентай балалар шомылып жүрген кезде Mercedes-Benz автокөлігін жүргізіп, қауіп төндірген 40 жастағы жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін ІІМ хабарлағандай, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әрбір дерекке міндетті түрде құқықтық баға беріледі Ол өз әрекетімен айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген.
Құқық бұзушы Тараз қаласының тұрғыны Нұрлан Исаев болып шықты. Сот шешімімен ол 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.