30.07.2026, 13:29
Жаңалықтар
Талдықорғанда жағажайдан ер адамның мәйіті табылды: полиция қылмыстық іс қозғады
Мәйітте зорлық белгілері болмаған
Фото: видеодан скриншот
Талдықорғанда қалалық жағажай аумағында денесінде сырттай зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы қайғылы жағдайға байланысты полиция департаменті өңір тұрғындары мен қала қонақтарына су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:
- Шомылу кезінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынбаңыз;
- Арнайы жабдықталған әрі қауіпсіз аймақтардың шегінен тыс жерлерге жүзіп кетпеңіз;
- Судағы өзін-өзі ұстау ережелерін бұлжытпай орындаңыз.
Тәртіп сақшылары азаматтарды өз өмірлері мен жақындарының қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды