Рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшақтарымен орындалады
Түркияның SunExpress әуе компаниясы 31 шілдеден бастап Қазақстан нарығына кіреді. Енді Алматы мен Измир арасында тікелей тұрақты рейстер ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, рейстер аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері Boeing 737 ұшақтарымен орындалады.
Ведомствоның хабарлауынша, жаңа бағыттың іске қосылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға серпін береді.
Сонымен қатар тамыз айында ішкі туризмді дамыту мақсатында Астанадан Семей, Ақтөбе және Жезқазған қалаларына жаңа әуе бағыттары ашылады.