30.07.2026, 10:18
Жаңалықтар
Шымкентте дәмханалардың бірі алапат өртке оранды (ВИДЕО)
Өрттен зардап шеккендер жоқ
Шымкентте дәмханалардың бірі алапат өртке оранды. ТЖМ мәліметінше, Төреқұлов көшесінде орналасқан дәмхана аумағындағы жазғы асүйден өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде жазғы асүй ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт кейін жапсарлас салынған екі қабатты ғимараттың сыртқы қаптамасы мен төбе жабындысына таралған.
«Өрт сөндірушілер өртті жедел сөндіріп, жалынның одан әрі таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды