«Әділет» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Агрофирма Приречное» ұжымымен кездесті

Автор: Асыл Арман

Кездесуге ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты

Фото: «Әділет» партиясының баспасөз қызметі

«Әділет» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабының мүшелері «Агрофирма Приречное» ұжымымен кездесті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Азық-түлік қауіпсіздігі, еңбек адамының әл-ауқаты және өңірлердің тұрақты дамуы – «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі басымдықтардың бірі. Партия ауыл шаруашылығын қолдау арқылы халықтың тұрмыс сапасын жақсартып, әділ әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруды көздейді. Осы бағыттағы міндеттер Жаңасемей ауданындағы «Агрофирма Приречное» ЖШС еңбек ұжымымен өткен кездесуде кеңінен талқыланды.

Кездесуге ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты. Құрылтай депутаттығына кандидаттың бірі – Шалқар Байбеков аграрлық сектордың ел экономикасындағы маңызына тоқталды.

«Біздің партияның мақсаты – ауылдағы еңбек адамдарына нақты қолдау көрсету. Партия бағдарламасында шаруалардың табысын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту және ауылдың әлеуетін күшейтуге де басымдық берілген. Өйткені ауыл еңбеккерінің әл-ауқаты жақсарса, елдің азық-түлік қауіпсіздігі де, экономикасы да нығаяды», – деді Шалқар Байбеков.

Облыстық штаб мүшесі Шағангүл Жанаева партия үшін еңбек адамын қолдау, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту және ауыл кәсіпкерлігін дамыту басты басымдықтардың бірі екенін айтты. Ол бұл бағыттағы бастамалар ауылдың тұрақты дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететінін атап өтті.

Сабыржан Боқашев пен Әйгерім Смағұлова ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы маңызды рөліне тоқталып, еңбек адамын қолдау мен ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне назар аударды. Кездесу барысында еңбек ұжымы мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, жас мамандарды ауылға тарту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Партия өкілдері айтылған пікірлер мен ұсыныстар алдағы жұмыста және сайлауалды бағдарламаны іске асыру барысында ескерілетінін жеткізді.