Көшетін өңірді алдын ала таңдап, қай жерде қандай жұмыс барын арнайы картадан көруге болады
Қазақстанда өңіраралық қоныс аудару бағдарламасының шарттары өзгерді. Енді жаңа өңірге көшкен азаматтар үй сатып алу үшін 7 млн теңгеге дейін қаржы ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақша баспана алуға арналған сертификат ретінде беріледі. Оны қоныс аударған өңірден үй сатып алуға жұмсауға болады.
Мұнымен қоса, мемлекет:
Бұрын бұл бағдарламаға негізінен жұмыссыз азаматтар қатысатын. Енді оған еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар, сондай-ақ шаруа және фермер қожалықтарының иелері мен жұмысшылары да қатыса алады.
Көшетін өңірді алдын ала таңдап, қай жерде қандай жұмыс барын migration.enbek.kz порталынан көруге болады. Сол жер арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі де бар.
Айта кетейік, бұл бағдарлама 2017 жылдан бері еңбек күші тапшы өңірлерге халықты көшіру үшін іске асып келеді. Осы уақытқа дейін бағдарламаға 73,9 мың адам қатысып, 31 мыңнан астамы тұрақты жұмыс тапқан.