Қауіпсіздік ережесін сақтамаған: танымал әнші сәбиін алдыңғы орынға отырғызып алғаны үшін жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Ол қауіпсіздік тәртібін өрескел бұзған

Қауіпсіздік ережесін сақтамаған: танымал әнші сәбиін алдыңғы орынға отырғызып алғаны үшін жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Әнші әрі блогер Ринат Шамшырақ кішкентай сәбиін көлігінің алдына жатқызып, видео түсіргені үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әлеуметтік желіге арнайы қоржынсыз жатқан баласы мен көлік артында отырған әйелі бар видеоны жүктеген. Оқырман бұл жол ережесі мен қауіпсіздік талаптарын бұзу екенін атаған. Заңгер Анна Чернова бұл оқиғаны желіге салып, авторды жауапқа тартуды сұраған еді. Көп кешікпей оған полиция да жауап берген.

Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желіде Lixiang L7 автокөлігінің жол қозғалысы ережелерін бұзған видео жайлы хабарлады.

«Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушы әйел анықталды. Олар баланы арнайы отырғызу құрылғысысыз тасымалдағаны, рөлде ұялы телефон пайдаланғаны және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жүргізушіге мұндай бұзушылықтарға алдағы уақытта жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады департамент.