Ол бүгінге дейін Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болған
Астанада Талғат Рахманбердінің басқа қызметке ауысуына байланысты Байқоңыр ауданының әкімі болып Нұрлан Әлімжанов тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нұрлан Әлімжанов мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2012 жылы бастаған. 2012 жылдың тамызынан 2015 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратында және Балқаш қаласы әкімі аппаратында түрлі қызметтер атқарды.