Тұрғын әсерлі сәтті видеоға түсіріп алған
Павлодар қаласында кенеттен басталған қатты жаңбыр кезінде пәтер терезесінен сыртқа қараған тұрғын Әйгерім Алекпарова жаяу кетіп бара жатқан курьерді байқап қалған, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тұрғын жауы-шашынның астында қалып, малмандай су болған курьерге жаны ашығанын жеткізген.
«Біреу тоқтап, оны алып кетсе ғой» деген ой келді. Көп ұзамай сол тілегім орындалды. Жол бойымен келе жатқан бір көлік бірден тоқтап, курьерді өзімен бірге алып кетті», - дейді ол.
Осы ізгі сәтті терезеден бақылап отырған Әйгерім видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде бөліскен.
Бейне Instagram қолданушыларының жүрегін жылытып, «мұндай ізгілік әлі жоғалған жоқ» деген пікірлерге ие болды.
«Әлеуметтік желідегі осы теріс пікірлердің ортасында бұл видео жарық сәуле секілді. Жүргізушіге адамгершілігі үшін алғыс. Менің студент кезім есіме түсті, 40 градус аязда ЕҰУ-дан жатақханаға қайтып бара жатқанмын, қараңғы түсіп қалған, дәл осылай бір көлік тоқтап, мені алып кеткен. Сол кезде біз мұның қауіпті екенін ойлаған да емеспіз. Жақсы адамдарға сенетінбіз, олар да шынымен сондай еді», - деп жазды оқырман.