Онда 130-дан астам адамды тұрақты жұмыс істейді
Respublica партиясының республикалық сайлауалды штабы Абай облысындағы жұмысын жалғастырып, өңір тұрғындарымен, кәсіпкерлермен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кезекті кездесу өңірдегі ұн өндіруші ірі кәсіпорындардың бірі – «Ай-Ар» ЖШС-де өтті. 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын 130-дан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауыт тәулігіне 350 тоннаға дейін ұн өндіреді. Өнімнің бір бөлігі макарон өндірісіне жіберілсе, мұнда жем, жайма, кеспе және басқа да азық-түлік түрлері шығарылады.
Кездесуде штаб өкілдерінің қатарындағы Құрылтай депутаттығына кандидаттар Олжас Құспеков, Ерболат Мұхамеджан, Бекжан Айтқұлов және Мейрамгүл Мадәлі сөз сөйледі.
Бекжан Айтқұлов өндірісті дамытудың негізгі шарты – білікті маман екенін атап өтті.
«Кез келген өндірістің болашағы кадрға байланысты. Бүгінде технологтар,инженерлер, токарьлар, дәнекерлеушілер жетіспейді. Сондықтан Respublica жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруды және өндіріс сұранысына сай кадр даярлау жүйесін күшейтуді қолдайды», – деді кандидат.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, теміржол логистикасы, жүк тасымалының құны және кәсіпкерлікке қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау тетіктері талқыланды.