«Қайтыс болған күйеуі өсіріп кеткен»: Алматыда жер үйдің ауласында есірткі өсірілгені анықталды (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр

Фото: depositphotos.com

Алматыда жер үйлердің бірінің бақшасында есірткі өсірілгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Алматы полициясының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі туралы ақпарат алған.

Тіркелген қылмыстық іс аясында жедел-тергеу тобының қатысуымен шұғыл тергеу әрекеттері жүргізілді. Жеке үйлердің бірінің аумағынан қарасораның 17 өсірілген бұтасы, гүл құмыраларына отырғызылған тағы 16 өсімдік, сондай-ақ кептірілген өсімдік тектес зат тәркіленді.

«Үй иесі өсімдіктерді өткен жылы қайтыс болған күйеуі жеке қолдану үшін өсіргенін түсіндірді. Бұл нұсқа тергеу барысында тексеріледі. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тәркіленген заттар сот-химиялық зерттеуге жіберілді», – делінген ПД хабарламасында.