Алматыда Қазақстан Халық партиясының «Мәңгілік классика» акциясы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Акцияға 100-ден астам адам қатысты

Видеодан скриншот

Алматы қаласындағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Қазақстан Халық партиясы ұйымдастырған «Мәңгілік классика» акциясы өтті. Іс-шараға Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Бейбіт Құсайынов, ҚХП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алмат Ахметов пен Ақбота Асқарбекова (Аша Матай) қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметі.

Іс-шара ашық мәдени форматта өтіп, қала тұрғындары мен қонақтарының басын қосты. Саябақ аумағында ішекті квартеттің орындауында әлемдік классикалық шығармалар шырқалып, еркін әрі мазмұнды пікір алмасуға қолайлы атмосфера қалыптастырды. Музыка акцияның басты идеясын – уақыт пен саяси ахуалға қарамастан өзектілігін жоғалтпайтын мәңгілік құндылықтарға адалдықты айшықтайтын символға айналды.

Іс-шара алаңында партияның ақпараттық аймағы ұйымдастырылып, қатысушылар Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Үгіт-насихат тобы қала тұрғындарымен белсенді жұмыс жүргізіп, ашық әрі тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасады.

Іс-шараның негізгі сәті Қазақстан Халық партиясынан кандидат Алмат Ахметовтің сөзі болды. Ол өз сөзінде ҚХП-ның басқа саяси күштерден басты ерекшелігіне тоқталып, партияның ескірген идеологиялық ұстанымдарға емес, қоғамның нақты сұраныстары мен өзекті мәселелеріне сүйенетінін атап өтті.

Акцияға 100-ден астам адам қатысып, ол қоғаммен ашық диалог орнатуға бағытталған қоғамдық бастамалар топтамасының бір бөлігіне айналды. Мәдениет пен музыка арқылы ұйымдастырылған формат партияның негізгі құндылықтарын көпшілікке қарапайым әрі әсерлі түрде жеткізуге мүмкіндік беріп, аудиторияның эмоционалдық ықыласын арттырды.

Алматыдағы «Мәңгілік классика» акциясы ең өзекті қоғамдық мәселелердің өзін ашық, заманауи әрі жұртшылықты біріктіретін ортада талқылауға болатынын көрсетті.