Дәрігерлер соңына дейін баланың өмірін құтқаруға тырысқан
Батыс Қазақстан облысындағы «Арна» демалыс базасының жағажайында қайғылы болды, 6 жасар бала суға батып кетті. Құтқарушылар мен дәрігерлердің бір сағат бойы жасаған реанимациялық әрекеттеріне қарамастан, баланы аман алып қалу мүмкін болмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аптап ыстыққа байланысты жағажайда адам өте көп болған, салдарынан су лайланып кеткен. Бала су астында шамамен 2-3 минут болып, жағалаудан бар-жоғы бір жарым метр қашықтықтан табылған.
Баланы судан құтқарушы алып шыққан кезде оның жүрек соғысы әлі бар еді. Жағажайда болған дәрігерлер бірден көмекке ұмтылып, жедел жәрдем келгенге дейін реанимациялық шараларды жүргізді.
Әкімшіліктің мәлімдеуінше, барлық қауіпсіздік шаралары сақталған, жағажайда құтқарушылар кезекшілік те болған. Демалыс орнының иесі мен ұжымы қаза тапқан баланың отбасына қайғырып көңіл айтты.