Марқұм 42 жаста болған
Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан «Майкубен Вест» ЖШС аумағында қайғылы оқиға болды, кәсіпорын жұмысшысы қаза тапты. Бұл жағдайды облыстық еңбек инспекциясы департаменті растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға бұрғылау-жарылыс жұмысын жүргізу кезінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 1984 жылы туған тау-кен шебері алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін арнайы тергеп-тексеру жұмысы ұйымдастырылып жатыр.