Қазақстанда биыл электр станцияларын жөндеу үшін 384 млрд теңге жұмсалатын болды
Халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі
Қазақстанда 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысында биыл электр станцияларын жөндеуге 384 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, халықты жылу және электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі.
Қысқы маусымның тұрақты өтуін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет Энергетика министрлігі мен өңір әкімдіктері арқылы коммуналдық желілерді жаңғырту және энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруда.
«Бұл жұмыс мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Стратегиялық құжатта инфрақұрылымды жаңғыртуға, заманауи әрі экологиялық таза технологияларды енгізуге, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше назар аударылған», – делінген хабарламада.