Қарасай ауданындағы Қасқыр тауына шыққан екі жасөспірімді құтқарушылар аман-есен тауып, ата-анасына тапсырды
Алматы облысының Қарасай ауданында Қасқыр тауына шыққан екі жасөспірім бағытынан жаңылып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олар өздігінен жол таба алмай жүргендерін хабарлап үлгерген. Алайда көп ұзамай ұялы телефонның қуаты таусылып, байланыс үзілген. Оқиға орнына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары жіберілді. Іздестіру барысында жасөспірімдер Қасқыр тауының беткейінен табылды.
Абырой болғанда, оларға медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар жасөспірімдерді қауіпсіз бағытпен Өтпелі шатқалына дейін жеткізіп, кейін ата-аналарына тапсырды.