26.07.2026, 15:03
Жаңалықтар
Алматыда жүк көлігі бетон қоршауға соғылды (ВИДЕО)
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды
Фото: Алматы қаласының ПД
Алматының Әуезов ауданында, Саин көшесі бойындағы Абай даңғылының көпір асты өткелінде Shacman маркалы ауыр жүк көлігі апатқа ұшырады. Жол-көлік оқиғасының сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бетон қоршауға соғылған. Салдарынан жүк көлігінің кабинасы ауыр механикалық зақым алған. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 07:17
Тұман, шаңды дауыл, үсік: 15 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды