Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 8 мыңнан астам тұрғыны бар бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов Алматы облысы Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жаңа өрт сөндіру бекеті жалпы саны 8 мыңнан астам тұрғыны бар бес елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шара барысында сөз сөйлеген Шыңғыс Әрінов азаматтық қорғау бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мен өрт сөндіру-құтқару инфрақұрылымын дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Нысан облыстық мәслихатының депутаты, «Халық үшін» қоғамдық қорының директоры Сергей Горяной демеушінің қаражаты есебінен салынды.