Ауыр жағдайдағы 1973 жылы туған әйелді шұғыл емдеу үшін әуе транспорты жұмылдырылды
«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы санитариялық авиация дәрігерлерімен бірге кезекті шұғыл медициналық тасымалдауды сәтті жүзеге асырды. Шалғай ауылдағы тұрғын облыс орталығындағы ауруханаға аман-есен жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыр жағдайдағы 1973 жылы туған әйелді шұғыл емдеу үшін әуе транспорты жұмылдырылды. Елді мекеннің алыстығына байланысты мамандар уақыт созбай әуеге көтерілді. Науқас Атырау облысы Құрманғазы ауданына қарасты Бірлік ауылынан алынды Білікті дәрігерлер мен ұшқыштардың үйлесімді әрекеті арқасында науқас Атырау қаласына жеткізілді.
Әйел аман-есен облыстық аурухана мамандарының қолына тапсырылды.