Көкшетауда құтқарушылар үйде қамалып қалған үш жасар баланы құтқарды
Балаға медициналық көмек қажет болмады
Көкшетауда тоғыз қабатты үйдің пәтерінде 2022 жылы туған кішкентай бала қамалып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы альпинистік жабдықтардың көмегімен баланы аман-есен алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шақырту орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері пәтерге кіру үшін күрделі тәсілді таңдауға мәжбүр болды. Құтқарушылар тоғызыншы қабаттың шатырынан альпинистік арқан арқылы сегізінші қабат деңгейіне түсіп, балкон арқылы пәтер ішіне кірген.
Мамандар пәтерге кіргеннен кейін кіреберіс есікті ішкі жағынан ашып, 3 жастағы баланы ата-анасына тапсырды. Оқиға 9 қабатты үйдің 7-қабатында болған. Балаға медициналық көмек қажет болмады, денсаулығына ешқандай зақым келмеген.
Төтенше жағдайлар министрлігі бұл оқиғадан кейін ата-аналарға кішкентай балаларды сәтке де жалғыз қалдырмауды қатаң ескертеді.