Партияның өңірлік штабы облыстағы бірқатар мекемеде кездесулер өткізіп, сайлауалды бағдарламаны таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатыр
«Ауыл» партиясының Қызылордадағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Партияның Қызылорда облысы бойынша өңірлік штабы өңірдегі сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Штаб мүшелері облыстағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатыр.
Осы мақсатта өңірлік штаб мүшелері алдымен «Сыр жиһазы» фабрикасының ұжымымен кездессе, кейін «Қыран» және «АСАР» мекемелерінде де кездесу өткізді.
Кездесулер барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, қатысушыларға үгіт-насихат материалдары таратылды. Сонымен қатар еңбек ұжымдарының өкілдері өздерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасып, сауалдарына жауап алды.