Астанада ЖСДП сайлауалды бағдарламасын сарапшылар талқысына салды

Автор: Асыл Арман

ЖСДП Астанада дөңгелек үстел өткізді

Фото: ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) Астанада сарапшылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға саясаттанушылар, сарапшылар, кандидаттар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және блогерлер қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара барысында ЖСДП-ның «Прогресс жолындағы 20 белес» атты сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Сондай-ақ «Ақ жол» демократиялық партиясы мен Қазақстанның халық партиясының (ҚХП) бағдарламалары және қоғамдық-саяси қызметіне қатысты салыстырмалы талдау ұсынылды.

ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов партия бағдарламасының негізгі бағыттары туралы баяндама жасады.

Іс-шара барысында ЖСДП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылған Ажар Сағандықова әлеуметтік саясат пен әйелдердің құқықтарына қатысты мәселелер жөнінде баяндама жасады.

Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты Ажар Сағандықованың айтуынша, Мәжілістегі жұмысының негізгі бағыттарының бірі халықтың әлеуметтік жағдайы мен гендерлік саясат мәселелері болды.

Құрылтай депутаттығына кандидат Нурия Балтабайқызы инклюзия мәселесіне қатысты пікір білдіріп, осы саладағы тәжірибесі туралы айтты.

Құрылтай депутаттығына кандидат Максим Андрюшин партияның экономика саласына қатысты ұсыныстарын таныстырды.

ЖСДП атынан Құрылтай депутаттығына кандидат Мақсұт Насибулов әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен жер саясатына қатысты партияның ұстанымдарын баяндады.

Жиын соңында ашық пікірталас өтті. Қатысушылар ашық микрофон форматында пікір алмасты.