«Ауыл» партиясының кандидаттары «СтальЦинк» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында кандидаттар «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды
«Ауыл» партиясынан ҚР Құрылтай депутаттығына кандидаттар Дәурен Бабамұратов, Жазира Сұлтанқұлова, Ұлан Абдыханов, Дәурен Рахымбек, Ильяс Досхожаев және Ерали Білеш Астана қаласындағы «СтальЦинк» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«СтальЦинк» ЖШС жол және көпір инфрақұрылымына арналған барьерлік қоршаулар мен өзге де мырышталған металл бұйымдарын өндіруге маманданған кәсіпорын. Іс-шара барысында кәсіпорын басшысы Берік Медянов кандидаттарды өндіріс цехтарымен таныстырып, өндірістік әлеуеті мен шығарылатын өнім түрлері туралы ақпарат берді.
Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында кандидаттар «Ауыл» партиясының «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, өндірісті дамыту, еңбек адамының мәртебесін арттыру, өңірлердің әлеуетін күшейту және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы бастамаларға тоқталды. Сондай-ақ еңбек ұжымының сауалдарына жауап беріп, ашық пікір алмасты.
Іс-шара соңында кандидаттар кәсіпорын ұжымына табысты еңбек пен жаңа өндірістік жетістіктер тілеп, алдағы сайлауға белсенді қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруге шақырды.