Ол клубтың алда өтетін турнесіне қосылды
Лондондық «Челси» маусым алдындағы турнеге арналған құрамын таныстырды, оның барысында клуб бірқатар жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түпкілікті құрамға Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев енді. Ойыншылардың толық тізімі ресми әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Еске салайық, лондондық клуб Аустралия мен Азия бойынша турнеге аттанады, онда «Вестерн Сидней Уондерерс», «Тоттенхэм», «Ювентус», «Милан» және «Джохор Дарул Тазим» клубтарымен кездеседі.