Астанада 19 мыңнан астам жаяу жүргінші жазаланды

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның ішінде мотоцикл жүргізушілері де бар

Фото: istockphoto.com

Елордада «Заң мен тәртіп» жобасы аясында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағыттары бойынша жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мәселен, жаздың басынан бері қалада мотоцикл жүргізушілері тарапынан тыныштықты бұзудың 123 фактісі тіркелді. Тәртіп бұзушыларды анықтау жұмысы тұрақты негізде жүргізіліп келеді.

Өз кезегінде, жолдың жүру бөлігін өту қағидаларын бұзғаны үшін 19 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындарына жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауы қажет.

Құқық бұзушылықтың әрбір фактісі қала прокуратурасының бақылауында тұр.