Жол апатынан кейін ол әлі өзіне келмеген
Татарстанда Chevrolet жеңіл автокөлігі жоғары жылдамдықпен ағашқа соғылып, артынша өртке оранған. Көлік ішінде жеті адам болған, барлығы – шамамен 15-16 жастағы жасөспірімдер. Алтауы түрлі жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Олар жалындаған көліктен шығып үлгере алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT арнасының мәліметінше, тек 15 жастағы Алан есімді жасөспірім ғана аман қалған. Жас жігіт шағын футболмен айналысады және республикалық, қалалық турнирлерге қатысып жүрген. Жол апатынан кейін денесінің 30%-ын күйік шалған ол Зеленодольск орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Қазіргі уақытта аман қалған жалғыз куәгер шок жағдайында, ол трагедияның егжей-тегжейін айта алмайды және рульде кімнің болғанын да атай алмапты.
Қаза тапқандардың жеке басын анықтау әлі мүмкін болмай жатыр, сараптама қажет.
«Жол жүрісі және көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабының 5-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, іс Зеленодольск прокуратурасының бақылауына алынды.