Батыс пен солтүстік-батыста +38...+43°C ыстық болады
Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Соның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, дауылды жел соғады. Ал батыс пен солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Иран аумағынан ыстық ауа массаларының келуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық қайта күшейеді», – делінген синоптиктер болжамында.
Күндіз ауа температурасы: