«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат науқанын ресми түрде бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Іс-шараға сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттар, Республикалық, өңірлік сайлау штабтарының жетекшілері мен мүшелері, жастар қанатының өкілдері қатысты

Фото: «Ауыл» партиясының баспасөз қызметі

Бүгін, 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:01-де «Ауыл» партиясының Республикалық сайлау штабының ресми ашылу рәсімі өтті. Іс-шара партияның сайлауалды үгіт-насихат науқанының басталуына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық сайлау штабының ашылуына «Ауыл» партиясының төрағасы, Республикалық сайлау штабының басшысы Қайрат Айтуғанов қатысып, партияның сайлауалды науқанының негізгі басымдықтары мен алдағы жұмыс бағыттарын таныстырды.      

Сондай-ақ ол «Ауыл» партиясының «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» сайлауалды бағдарламасы жеті басым бағытқа негізделген нақты іс-қимыл жоспары екенін атап өтіп, оның негізгі бағыттарына тоқталды.

Іс-шараға сондай-ақ Құрылтай депутаттығына кандидаттар, Республикалық, өңірлік сайлау штабтарының жетекшілері мен мүшелері, жастар қанатының өкілдері қатысты.                                

Республикалық сайлау штабы – алдағы үгіт-насихат жұмыстарының бірыңғай үйлестіру орталығы. Штаб қызметі аясында партияның сайлауалды бағдарламасын халыққа кеңінен таныстыру, өңірлердегі үгіт-насихат іс-шараларын үйлестіру және сайлаушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылады.