Республика бойынша 155 сайлауалды штаб жұмыс істейді
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат науқаны басталды. Осыған байланысты Қазақстан Халық партиясы ресми әнұранын таныстырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сондай-ақ партияның елорда мен өңірлерде партиялық штабтары ашылып, плакаттар мен баннерлерді орналастыру жұмысы басталды.
Қазақстан Халық партиясының мәліметінше, республика бойынша 155 сайлауалды штаб жұмыс істейді. Оның ішінде 17 облыстық, 29 қалалық (Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда) және 109 аудандық штаб бар.
Үгіт-насихат науқаны 22 тамызда, яғни «тыныштық күні» аяқталады.