Respublica сайлауалды штабын ашып, үгіт-насихат науқанын бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Салтанатты рәсімге партия басшылығы, депутаттыққа кандидаттар мен белсенділер қатысты

Фото: Respublica партиясының баспасөз қызметі

Respublica партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау аясында республикалық сайлауалды штабын ресми түрде ашып, үгіт-насихат науқанына старт берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Respublica партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге партия басшылығы, депутаттыққа кандидаттар мен белсенділер қатысты. Іс-шараға онлайн форматта еліміздің барлық 20 өңірі қосылып, өңірлік штабтар бір мезгілде жұмысын бастады.

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров штабтың ашылуын смарт-көзілдірік арқылы Instagram-да тікелей эфирде көрсетіп, іс-шараны қатысушының көзімен көрсетті. 

Рәсім барысында кандидаттарға куәліктер табысталды. Respublica партиясының сайлауалды тізіміне кәсіпкерлер, ғалымдар, спортшылар, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері енген.