Астанада ЖСДП-ның Орталық сайлауалды штабы ашылды

Автор: Асыл Арман

Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Фото: ЖСДП

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық сайлауалды штабы ресми түрде ашылды. Іс-шараға партия төрағасы Асхат Рахымжанов, Құрылтай депутаттығына кандидаттар, өңірлік штабтардың өкілдері, партия белсенділері мен шақырылған қонақтар қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy партияның сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, Құрылтай депутаттығына кандидаттар көпшілікке ұсынылды. Сондай-ақ өңірлік сайлауалды штабтар желісінің жұмысы басталғаны жарияланды.

Асхат Рахымжанов партияның сайлау науқанына ресми түрде кіріскенін мәлімдеп, алдағы сайлау кезіндегі негізгі жұмыс бағыттарына тоқталды. Сонымен қатар іс-шарада азаматтармен өзара байланыс орнатудың бірнеше жаңа форматы таныстырылды.

Партия өкілдерінің мәліметінше, Орталық сайлауалды штабы күн сайын жұмыс істейтін болады.