Астанада нөсер жаңбыр көшелерді суға батырды: жүргізушілер көлік төбесіне шығуға мәжбүр болған (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Суға батқан көшенің видеосы тарады

Фото: видеодан скриншот

Бүгін Астанада тоқтаусыз жауған қатты жаңбыр қала көшелерін су астында қалдырды. Әсіресе, Бауыржан Момышұлы жақтағы көшелерде жағдай күрделі, жиналған су ағыны бірнеше көлікті батырып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, жаңбыр құйып тұрған кезде көше бойы дереу суға толған. Кейбір жүргізушілер көліктерінің төбесіне шығуға мәжбүр болған.

«Тағы да қайықпен жүру керек болды. Жаңбыр жауса, бұл көше ылғи да осылай», - деп жазған желі қолданушылары.