23.07.2026, 15:44
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті
Оның денесі тек бір күннен кейін табылды
Фото: © freepik.com
Қайғылы оқиға Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында болған. Жасөспірім сайда шомылмақ болған, бірақ одан шыға алмай қалған. Оның денесін құтқарушылар тек бір күн өткен соң 23 шілде күні таңертең алып шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомство тұрғындарды суға шомылуда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылмау, сондай-ақ балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмау қажеттігі туралы ескертті.
Көп оқылған
06.09.2026, 06:17
235 келі қару тәркіленді: полиция алматылықтарға қатаң ескерту жасады
06.09.2026, 15:56
Қазақстандық танымал travel-блогер Дональд Трамптың ұлына шапан жауып, тымақ кигізді (ВИДЕО)
06.09.2026, 08:31
Алматыда үш ер адам азық-түлік дүкенінде төбелес шығарды
06.09.2026, 16:41
Алматыда екі көлік соғылып, біреуі аударылып кетті