Президент берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас ұдайы дами беретініне сенім білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі», – делінген Ақорданың хабарламасында.