Олар жауапқа тартылды
Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз шығаруға тосқауыл қою жұмысын күшейтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тек шілде айының үш аптасында өткізу пункттерінде жанар-жағармайды заңсыз тасымалдамақ болған 1 342 жағдай тіркелді. Тәркіленген жанармайдың жалпы көлемі 112 тоннадан асып жығылады.
Тәртіп бұзғандардың барлығы ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
ҰҚК хабарлағандай, мұндай бақылау шаралары елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармайдың көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған.