Қазақстандық журналист Baku Media Open-2026 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды
Жарпысқа әртүрлі елдер 50 журналист қатысты
Баку қаласында Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен халықаралық Baku Media Open-2026 турнирі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында ұйымдастырылған дәстүрлі жарысқа Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Грузия елдерінен 50-ге жуық танымал журналист қатысты.
Қазақстан атынан Бек Төлеуов, Алтынбек Құмырзақ және тележурналист Қырмызы Жандос ел намысын қорғады.
Турнир қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы жарыста қазақстандық тележурналист Қырмызы Жандос қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, чемпион атанды. Ол турнир барысында алты кездесу өткізіп, барлығында айқын жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
Қазақстандық журналистердің халықаралық додадағы табысты өнері еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби қызметпен қатар спортты серік етіп, салауатты өмір салтын насихаттауға қосып жүрген үлесінің жарқын көрінісі болды.
«Бұл мен үшін ерекше әсерге толы жарыс болды. Халықаралық турнирде еліміздің намысын қорғап, Қазақстанның Әнұранын шырқату – үлкен мәртебе. Қарсыластардың барлығы тәжірибелі әрі мықты болды, сондықтан әр ойынға барынша жауапкершілікпен дайындалдым. Осындай деңгейдегі жарысты ұйымдастырған Әзербайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігіне алғысымды білдіремін. Бұл жеңіс – тек менің ғана емес, Қазақстан журналистерінің ортақ жетістігі деп білемін», - деді Қырмызы Жандос.