Қостанай облысында екі көлік соқтығысты: бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға түсті

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қостанай облысында екі көлік соқтығысты: бір адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға түсті
Фото: Қостанай облысы полиция департаменті

22 шілде күні таңғы сағат 04:00 шамасында Қостанай – Қарабұтақ тасжолының Жайылма ауылы маңында жол-көлік оқиғасы болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Chevrolet Cobalt пен Jetour X70 автокөліктері соқтығысқан. Апат салдарынан Chevrolet Cobalt жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

Оқиға кезінде екі көлікте барлығы алты адам болған. Оның екеуі Chevrolet Cobalt көлігінде, қалған төртеуі Jetour X70 автокөлігінде отырған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір полицейлер жол апатының нақты мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.